1.03.2021, 23:45
Оқылды: 72

"Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін" керуені – редакцияда

"Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін" керуені аудан орталығындағы ұжымдарға алғысын білдірді. Алғыс айту мерекесінде аудандық жас туристер станциясы мекемесінің ұжымы аудан айнасы "Syrym eli" ұжымына алғыс айтуға  арнайы келді.

20210301_165030

Алдын ала белгіленген жоспарға сәйкес ұжым педагогтарынан және үйірме оқушыларынан құралған керуен белгіленген маршрут бойынша пандемияның ең қиын кезінде алғы шепте тұрған, тынымсыз, күндіз-түні аянбай еңбек еткен  аудан орталығындағы  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, аудандық аурухана ұжымдарына мекеме атынан алғысын білдірді.
Ұжым атынан Мүсірбек Айташев құттықтай келген әріптестерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

А.Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале