22.06.2022, 19:36
Оқылды: 45

«Снежанада» нан 90 теңге

Ұн бағасының көтерілуіне байланысты Қаратөбе ауданының орталығында бір бөлке нанның бағасы 180-200 теңгеден сатылуда.

нан 90 (2)

Ал «Снежана» дүкенінде нан 90 теңгеден саудаға шығарылып отыр. Осыған орай, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөліміне хабарласқан едік.

– Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен ішкі нарықта нан бағасын тұрақтандыру мақсатында үшжақты меморандум жасақталып, осы меморандумның талаптарына сәйкес аудан орталығындағы «Снежана» жеке кәсіпкерлігіне арзандатылған бірінші сұрыпты ұн әкелініп, осы ұннан дайындалған бірінші сұрыпты бір бөлке нан 90 теңгеден сатылуда. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады, - дейді аудандық ауыл шарушылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мербол Есендосов.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале