16.12.2021, 22:28
Оқылды: 35

Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Бәйтерек ауданы Рубежка ауылдық округінің әкімі Асылбек Кенжин Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Старцевтің үйіне арнайы барып, амандық-саулық сұрасты.

FB_IMG_1639640023083

Емен-жарқын әңгіме өрбітіп, ардагерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған ауыл әкімі оған Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоғжановтың алғысхаты мен мерекелік сыйлығын  табыстады.
Осындай сый-құрметке ризашылығын білдірген ардагер Александр Старцев Тәуелсіздікті мәнді, егемендікті мәңгі екені бәрінен де маңызды екенін айтып, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы сақтаған ұланғайыр ұлы даламыздың шекарасы шегенделіп, мемлекет ретінде әлем мойындағаны Тәуелсіздігіміздің арқасы мүмкін болғанын атап өтті.
Ұлы даланы мекен еткен қазақ елінің егемендік жолында талай тартысқанын тарихтан білеміз. Сондықтан басымыздағы бақты бағалау, елімізді өрге сүйрер ұрпақ тәрбиелеу сіз бен бізге міндет. Ұлық мерекеміз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді шынайы лебізін білдірген ақсақал.

Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале