24.09.2021, 11:31
Оқылды: 71

Сөмке тігетін басшы

Казталов аудандық орталық кітапхана директоры Гүлдана Дәулетованы көпшілік басшы және халық қалаулысы ретінде таниды. Сонымен қатар ол ісмер, тігін мәшинесінің тілін бес саусақтай меңгерген шебер екен. 

3

Халқымыздың «Шебердің қолы ортақ» деген мәтелі құдды осы кісіге арнап айтылғандай. Он саусағы майысқан шебердің келістіріп тіккен сөмкеле-рі мен жасаған бұйымдары көздің жауын алып, еріксіз таңдай қақтырады. Қиялға ерік берген ісмердің дәл осы өнермен айналысқанына 14 жылдай болған.

СОМКЕ (4)

– 2007 жылы тігін мәшинесін сатып алдым. Содан   киім-кешекті  қысқарту, жөндеумен айналыстым. Ұсақ-түйек бұйымдарды тіге бастадым. Былтырдан бастап осы сөмке тігуге ықыласым ауды. Арнайы шеберлік сабақтарына қатыстым. Қажетті заттарды алып, тәуекел деп істі бастап кеттім. Алғашқы тұтынушым – жолдасым. Ақшасына екі сөмке сатып алды. осы кезге дейін шамамен 12 сөмкені тапсырыспен тіктім. Бұл іс жаныма жайлылық, көңіліме қуаныш сыйлайды. Сондықтан да оны хоббиім деп білемін. Қалтаға түсетін табысты емес, өзіме, біреуге сыйлайтын қуаныш сезімін бірінші орынға қоямын. Нәзік жандылардың келбеті мен киім киісіне, жүріс-тұрысына ерекше әдемілік әкелетін сөмкелерге «GH» деген атау бердім. Әр сөмкені тігуге уақыт жұмсалады. Оның стилі, дизайнының күрделілігі маңызды. Жалпы бір сөмкені 1-2 күнде тігіп шығуға болады. Сөмке дизайны қаншалықты күрделі болса, соншалықты шығын көп болады. Әр бұйымға әртүрлі материал қолданылады. Тапсырыс бойынша түрлі сөмке тігеміз. Бағасы 8000 теңгеден басталады. Ерінбей еңбек еткеннің ғана бағы жанады, - дейді ісмер.

Гүлдана Хамитқызының қолынан шыққан дүниелер кәсіби шеберлердің қолынан шыққан бұйымдардан кем түспейді. Ұлттық қолөнерімізді насихаттап, шеберлігі мен бойындағы кісілік-кішілігі үндескен, он саусағынан өнер тамған басшы көпке үлгі.

 

Жұлдыз АСҚАР,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале