Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет
18 Маусым 2021

Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет

Шыңғырлауда медицина қызметкерлері марапатталды
18 Маусым 2021

Шыңғырлауда медицина қызметкерлері марапатталды

Жәнібек ауданы әкімі медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады
18 Маусым 2021

Жәнібек ауданы әкімі медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады

Мемлекеттік қызметшілерге арналған спариакиада
18 Маусым 2021

Мемлекеттік қызметшілерге арналған спариакиада

Шаруа шабындыққа жұмылды
18 Маусым 2021

Шаруа шабындыққа жұмылды

«Халықтың тыныштығын сақтау – басты міндет»
18 Маусым 2021

«Халықтың тыныштығын сақтау – басты міндет»

Соналы мектебінің түлектері жарады

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Ол – ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Туып-өскен өлкенің, білім алып ұшқан алтын ұя мектебінің өркендеуіне үлес қосып жатқан түлектер де аз емес. Олар туған жерге, туған елге, мектепте білім берген ұстаздарына алғыстарын әртүрлі жолмен жеткізуде.
8C9584A3-E9B6-4049-9BEB-2A309046D27E

Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Болашаққа бағдар: руғани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты осыған үндейді. Бұл орайда, туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жатқан Қаратөбе ауданындағы Соналы жалпы орта білім беретін мектебінің 2006 жылғы түлектерінің еңбегі зор.

Олар мектеп ауласына және шағын футбол алаңына арнап, орындық пен қоқыс салатын ыдыс тарту етті. Жалпы құны 200 мың теңгені құрайтын түлектер тартуы ерекше сән беріп тұр. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орайластырылған игі іс - 4-інші мамыр күні аталмыш түлектер тартуы мектеп ауласына орнатылды.

78EB3C7F-0C79-4A86-B9F1-56DF13CADA47

– Мектеп әкімшілігі атынан 2006 жылғы мектеп түлектеріне, игі шараның басында жүрген мектеп түлегі Нұржан Кайырғалиевке алғыс білдіреміз!

Тұңғыш Президент мақаласы болашақтың бағдарын айқындады, рухани жаңғыру жолын белгіледі. Осы орайда өзге де мектеп түлектерін игілікті жолды жалғастыруға шақырамыз, - дейді Соналы жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркінғали Қуанғалиұлы.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz