28.12.2023, 15:30
Оқылды: 53

Соналы халқының қуанышында шек жоқ

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Соналы жалпы білім беретін мектебінің ашылу салтанатына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Соналы мектеп1

Айтулы салтанатты жиынға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, «Қарашығанақ Петролиум оперейтинг б.в» компаниясының өкілдері қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Соналы ауылының тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Соналы мектеп4

-Жаңа жылдың қарсаңында Қаратөбе ауданында үлкен той. Бүгін ауданда үшінші мектептіңашылу салтанатына қатысып отырмыз. Мемлекеттің тарапынан ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында елді мекендерде мектептер бой көтеруде. Биыл облыс көлемінде 27 мектеп салынып жатыр. Оның 17-сін биыл аяқтап пайдалануға бердік. Ауыл балаларын сапалы біліммен қамтамасыз етуіміз керек. Баршаңызға сәттілік болсын, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы.

Соналы мектеп6

 

Кезегінде сөз алған мектептің ардагер ұстазы Дәметкен Отарғалиева жылы лебізін білдірсе, «Қалдығайты» ЖШС директоры Абылай Нұрмұханбет мектеп директоры Атапкел Бексегуровқа символдық кілтті табыс етті.

Салтанатты  лента қию рәсімін облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы мен  ардагер ұстаз Дәметкен Қайыпқалиқызы жүргізді.

Мектептің ашылу салтанатына қатысқан меймандар, жаңа мектеп сыныптарын аралап, жұмыстарымен танысты.

Соналы  жалпы орта  білім беретін орта мектебінің ескі ғимараты 1974 жылы салынған. Мектепте спорт зал, акт зал болған жоқ.

Соналы мектеп5

Мектепте 81 оқушы білім алады. Мектепалды даярлық тобында 5 бала, мектеп жанындағы шағын орталықта 20 бала тәрбиеленуде, 30 педагог қызмет атқарады.

Соналы мектеп10pg

Жаңа ғимаратта 12 оқу кабинеті бар, оның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, информатика, тарих-география кабинеттері бар. Сонымен қатар, 2 шеберхана, кабинеті, спортзал, кітапхана, 40 орындық акт залы мен асханасы бірге жабдықталған.

Мектеп ауласында футбол, баскетбол, жүгіру және шағын сәулет жобасымен 8 алаңы бар.

Ерболат Райсов,

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале