26.05.2021, 12:45
Оқылды: 202

Соңғы қоңырау Жаңақалада да сыңғырлады

Кеше кең байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Жылдағы дәстүр бойынша таңмен таласа соңғы қоңырауға дайындық ерекше. Бірі алтын ұя мектеппен қоштасса, енді бірі бірінші сыныпты тәмамдап тұр. Осы бір тарихи шара Жаңақала ауданында да ерекше сән салтанатымен өтті. Соның ішінде біз бас сұққан білім ордаларындағы салтанатты жиын өте жоғары деңгейде оздырылды. №3 орта білім беретін қазақ мектебінен 38 жас түлек үлкен өмірге қадам басса, олардың 1-еуі «Алтын белгіге» үміткер.

FD22C5F9-1BD4-4DF9-A35D-EE96B37C71D6

Соңғы қоңырау басталған кездегі ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайтыны анық.

Тaлaй қырaнды қaнaттaндырып, тaлaй ұлaнды ұясынaн ұшырғaн Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде де соңғы қоңырау салтанаты ерекше өтті. Айта кетейік аталмыш білім ордасынан биыл 41 түлек қанаттанса, олардың 2-еуі «Алтын белгіге» үміткер.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале