Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №66 Жарлығымен тағайындалған аудандық соттың төрағасы таныстырылды.
Жәнібек аудандық сотының төрағасы лауазымына Ержан Бекетұлы Әліпқалиев тағайындалды. Төрағаны БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Азат Ізбасаров таныстырды. Ол тағайындалған аудандық сот төрағасын құттықтап, қызметіне жеміс пен сәттілік тіледі.
Актив отырысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов аудандық сот төрағасын құттықтап, қызметті абыроймен атқаруға тілектестігін білдірді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
24.03.2023, 11:30
20.03.2023, 17:30
20.03.2023, 17:15
19.03.2023, 7:27