21.06.2017, 19:57
Оқылды: 81

Соттағы «Ашық есік» күні

Karatobe sotta ashik esik   «Ашық есік күні» шарасы азаматтарға құқықтық көмек беру, халықтың сот жүйесіне  деген сенімін және қолжетімділігін арттыру мақсатында өткізілді.

   Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Б.Жәңгірова тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын көтеру мақсатында сот ғимаратында «Ашық есік күнін» өткізді.


   ҚР мемлекеттік қызметшілері күні қарсаңындағы шараға Қаратөбе аудандық колледжінің мұғалімдері Г.Нұрсұлтанова,  Г.Ахметқалиева, I курс студенттері және жергілілікті тұрғындар белсенділік танытып, ат салысты.

   Іс-шараның шеңберінде қатысушыларға сот мәжілісі хатшысының, судьяның жұмысымен, АБТ жүйесімен, заманауи құрылғылармен жабдықталған залмен танысуға мүмкіндіктер берілді. Сонымен қоса, сот төрайымы Б.Жәңгірова студенттердің алдында баяндама оқып, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Ал сот мамандары сот кеңсесінің негізгі қызметін көрсетті.

   Шара аясында екі жергілікті тұрғын автокөлік сатып алған тұлғаның уақытында автокөлік үшін салық төлемегендігі жөніндегі талаппен жүгіну туралы  және берешек қарыз сомасын өндіру туралы сұрақтармен  сотқа жүгінді. Сот төрайымы Б.Жәңгірова ауыл тұрғындарының туындаған сұрақтарына  Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларына сай түсініктеме берді.

Айнұр АЙНАШОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале