24.06.2023, 10:09
Оқылды: 185

"Сөз-соқпақ" - Бөкей жұртында

Бөкей еліне ақындар келді. Ақын, Жазушылар одағының мүшесі Асантемір Қаршығаұлы, "Жас Талап" өнер-білім орталығының негізін қалаушы, продюсер Ернар Жақсыбаев, жәнібектік жас ақын Нұрлан Едігенов келді. Бұларға қоса бөкейлік екі аруымыз Нұршат Тұрсынғали мен Гүлзада Жауылбаевалар да төрден орын алды.

IMG-20230623-WA0107
Ақындарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Аққалиев қабылдап, таланттардың шығармашылығына сәттілік тілеп, естелік сый да тарту етті.
"Өз аспанымның астындамын", "Тәңірге хатымен" өлең деген қасиетті өнердің ақтаңгері   Тыныштықбек Әбдікәкімұлының оң бағасын алған Асантемір Қаршығаұлы да, бір басында пәлен өнер бар, "Қолғанаты" мен "Шытырманымен" кино саласында да мен дегендердің қатарына еркін ене алатын Ернар Жақсыбаевтың есімдері көзі қарақты оқырман үшін жақсы таныс.

IMG-20230623-WA0051
Ұзынкөлдік Нұрлан да  "Жұмбақ қыз - Перизат" атты кітабын шығарып үлгерген жас ақын.
Ал, Нұршат пен Гүлзаданы таныстырудың өзі артық болар. Гүлзада ән салса, "әнші екен" дегізер, жыр оқыса, "өз табиғаты бар ақын екен" дегізер жан жақты талант иесі.
Мектеп қабырғасында жүргенінен-ақ болар бала екенін танытқан Нұршатымыздың шығармашылық тұрғыдан өскенін көрдік. Жырларында тұнық лирика да, өршілдік де бар.
Поэтикалық перформанс Сайқында басталып, Хан ордасында жалғасты.

IMG-20230623-WA0058

IMG-20230623-WA0059

Ұлпан Жакина,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале