8.02.2023, 18:37
Оқылды: 35

Спорт ардагері 75 жасқа толды

Аудандық ардагерлер үйінде ұзақ жылдар бойы спорт саласына еңбегі сіңген ардагер-ұстаз,  шахматшы Серік Масановтың мерейлі 75 жасқа толуына арналған мерекелік шара өтті. Оған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев, Жәнібек спорт клубының директоры Сырым Байсов және ардагерлер қатысты.

IMG_6156

Шараның ашылу салтанатында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев ардагер ұстазды мерейлі 75 жасымен құттықтап, ардагерлер атынан алғысхат, ақшалай және шағын сый-сияпаттар ұсынды. Жиында аталмыш бөлім басшысы Алтай Бақтығалиұлы мен Сырым Жәрдемұлы өздерінің ақжарма тілектерін жеткізіп, алғысхат пен сыйлықтарын табыс етті.

WhatsApp Image 2023-02-08 at 16.13.35

Шара барысында спорт ардагерінің мерейтойына орай ардагерлер арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылған болатын. Жарыстың қорытындысында Батый Есмұхамбетов 1-орын, Шынтемір Рамазанов 2-орын, Мұхамбетжан Темірәлиев 3-орынға ие болса, байырғы шахматшы Ғайнөш Дегетаевқа алғысхат табыс етілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Серік Масановтың отбасы атынан шағын сыйлықтар табысталды.

Мерейтойлық шарада оған қатысқан ардагерлер де өздерінің ізгі тілектерін жеткізіп, естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында баян аспабының сүйемелдеуімен «Живет село родное», «Әке» әндері орындалды.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале