18.08.2021, 9:49
Оқылды: 74

Спорт ардагері марапатталды

Жаңақала ауданы халқы Жайсаң Ахметұлының есіміне жақсы қанық. Спорттағы жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай десек, шындықтың ауылынан алыс кетпейміз. Бүгінде аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебін абыройлы басқарып, бар білгенін үйретіп, аудан спортының алға басуына бір кісідей атсалысып жүр. Ел аузында Жайсаң ағай деген атын қалыптастырып үлгерген спорт ардагері туралы ақжолтай хабарды естігесін, арнайы іздеп бардық.

 с

- Спорт күніне орай облысымызда үлкен салтанатты шара өтті. «Ақжайық» футбол клубының стадионында өткен марапаттау рәсімінде спорт саңлақтарына, еңбегі сіңген жандарға құрмет көрсетілді. Батыс Қазақстан облысынан 5 адам Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. Еңбегіміздің еленіп жатқаны көңіл қуантады. Қандай нәрсе жасасам да еліміз үшін һәм жас спортшылардың жетістікке жету жолында істедім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - дейді қуанышымен бөліскен Ж.Есекенов.

02 (1)

«Еліміздің спорт және дене шынықтыру саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Жаңақала ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Ахметұлы Есекенов марапатталады» делінген министрдің міндетін атқарушы Н.Дәуешовтің қолы қойылған Құрмет грамотасында.

 

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале