30.10.2020, 16:30
Оқылды: 149

Спорт ардагеріне құрмет көрсетті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева спорт ардагері, білікті бапкер, өнегелі ұстаз Марат Есмағұловты қабылдап, мерейлі 60 жасына орай құттықтады.

56272050-8E69-427F-942A-F3590FA7CABE

Аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы спорт министрлігінің алғысхатын оқып, табыстады. Сондай-ақ спорт ардагеріне аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің де алғысхатын ұсынды.

305A311F-F260-476E-B73A-23F7F5A3EEA9

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов пен шәкірті Janagala Jastar Sport Cluby-ның директоры Жанболат Ғұмаров та сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін ақтарды. Өз кезегінде М.Фаридұлы қабылдаған басшылыққа өз ризашылығын білдіріп, ескірмес естеліктерімен бөлісті.

Алтынбек Ермекқали,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале