20.08.2023, 19:00
Оқылды: 26

Спорт – денсаулық кепілі

Ауданымызда спорт қарқынды түрде дамып, аудан әкімінің қолдауымен, оны жоғары деңгейде ұйымдастыруымен еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін түрлі спортпен шұғылданып жүр. Әсіресе, қанға сінген ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлінді. Соның арқасында жеткен жетістіктер де аз емес.

368820227_821125820017094_8927344555066743468_n

«Шынықсаң шымыр боларсың» деген қағиданы ұстанған аудан тұрғындары да спорт десе ішкен асын жерге қояды. Ал осындай ұстанымды ту еткен ауданда спорт мерекесі дүркіреп атап өтілуі шарт.  Осы ретте орталық алаңда спорт күніне байланысты ерекше шара өтті. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, полиция бөлімі, «Жәнібек» спорт клубы, туризм орталығы, аудандық аурухана, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және барлық мекеме басшылары жұдырықтай жұмылып, аудан үшін маңызды күннің мінсіз өтуіне атсалысты. Салтанатты шараға аудан әкімі Тимур Шиниязов қатысты. Ол алған беттен таймай, осындай шабытпен аудан спортын одан сайын дамыту туралы ойын білдірді.

368823271_821125846683758_7159584906787910337_n

Сонымен қатар маңдай тердің еленгенін құптап, бір топ спортшылар мен осы салада еңбек еткен ардагерлерді марапаттады. Құрмет пен алғысқа бөленген салауатты денсаулықты алға қойған жандардың елеулі еңбегі ескерілген шараның көркі спорттық шаралармен қызды. Атап айтсақ, шағын футбол мен көп сайыстың қызықтары таңдай қақтырды. Ала доптың бәсекесінде тоғыз көше ойын өткізіп, нәтижесінде үздік үштіктің қатарынан Әбдірахмановтың намысын қорғаған топ көрінді. Тартысқа толы додада жүлделі 2-орынды Т.Жароков көшесі еншілеп, жеңіс тұғырынан А.Иманов көшесінің тұрғындары көрінді. Үш бірдей, яғни, веложарыс, жүзу, жүгіру сайысында бақ сынағандардың жеңіске талпынуы намыс пен қайтпас жігердің көрінісі болды. Олардың ішінен жүлделі орындарға Арман Қазбеков, Ермек Бектанов, Мәрлен Бисеков, Орынбек Рүстемов, Нияз Әділбек ие болды. Көшелер арасындағы шағын футбол мен көпсайыс аяқталған соң орталық алаңда алыптар айқасы өтті. Білек күші мен бойдағы қайрат сынға түскен додада жеңіске Грегорий Германов жетті. Сайыстың 2-орыны Серік Самодияновқа бұйырса, 3-орынды Асуан Құсайынов місе тұтты. Жүлдегерлерді спорт ардагері Тельман Ғұсманов пен аудан әкімі Тимур Шиниязов марапаттады. Оларға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді. Марапаттаудан кейін аудан өнерпаздары ән шырқап, мереке иелеріне ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

368835133_821170160012660_6808421209505003654_n

368845907_821126080017068_3204807927993453134_n

368856242_821170460012630_6045246578793221358_n

Оралхан Өтеғалиев

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале