28.11.2019, 13:12
Оқылды: 232

«Спорт музейін ұйымдастыру туралы ой келді»

Бөрлі ауданында спорт саңлақтарының жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылды.

borli korme (2)

Спорт көрмесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Көрмеде мәдениет бөлімі, аудандық жастармен жұмыс орталығының да жетістіктері қойылмақ. Бөрлі өлкетану музейінде басталған көрмеге аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, ауданның спорт ардагері Айтбай Тастайбеков қатысып, спорт саңлақтарын насихаттау үшін ұйымдастырылған іске ризашылықтарын білдірді.

borli korme (1)

Алғашқы күннен көрмені тамашалауға келген жұртшылықтың қарасы да аз емес.

-Музей басшылығы тарапынан көрме өткізу жөнінде ұсыныс жасалды. Бізде қуана келістік. Көрмеге барлық спорт саласындағы жетістіктерді көрсетуге тырыстық.

borli

Аудан жұртшылығы емін-еркін тамашаласын, өсіп келе жатқан жастар үлгі алсын. Осы шара аясында болашақта спорт кешенінен бір бөлмеге спорт музейін ұйымдастыру туралы ой келді. Әрине алдағы күндердің еншісінде. Дегенмен ол көрмеге ауданға бүгінгі күнге дейін танымал спортшыларымыздың жетістік жолында пайдаланған дүниелері қойылса, өскелең ұрпақ үшін келелі дүние деп ойлаймын, - деді аудандық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

Айта кетейік, шарада көрермендер арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырылды.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале