31.10.2023, 22:40
Оқылды: 32

Спорт саңлағына құрмет

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев зейнеткерлік жасқа толуына орай спорт саласының ардагері, ұзақ жылдар Жаңақала колледжінде елеулі еңбек еткен Марат Паритұлы Есмағұловты қабылдады.​

IMG-20231031-WA0114

​Аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы есімі ел-жұртына етене таныс білікті бапкер Марат Паритұлын мерейлі жасымен құттықтап, спорт саңлағына алғысхат табыстап, иығына шапан жапты.

​Айта кетсек, Марат Паритұлы самбо күресінен ел чемпионатының үш дүркін жеңімпазы болса, төрт мәрте күміс жүлде иегері. Сонымен қатар қазақ күресінен ардагерлер арасында облыстық спартакиаданың жеңімпазы және 2005 жылы самбо күресінен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері (Прага қаласы).

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале