19.08.2021, 15:34
Оқылды: 29

Спортшылар марапатталды

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында «Спорт – жан серігі» атты мерекелік шара өтіп, ел мерейін асырып жүрген бірқатар спортшыларға құрмет көрсетілді.

 FB_IMG_1629346683733

Атап айтар болсақ, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев республикалық VII «Ақбидай» ауыл спорты ойындарының облыстық кезеңінде намысты қолдан бермеген палуандар Нұрбек Ғазезов, Жанарбек Қаус, Баймырза Меңдешев, кикбоксингтен үздіктер қатарынан көрінген Темірлан Қашқынбаев пен Рүстем Төлегенов, гір тасын көтеруден мықтылығын байқатқан Қуанғай Жанғуатұлы, тоғызқұмалақ ойынында шеберлігімен көзге түскен Бибігүл Төлегенова, футболда жарқын өнерімен танылған Аслан Хадисовтар және жергілікті спортшыларды баптап, бәйгеге қосқан жаттықтырушылар қауымының да еңбегі ескеріліп, Жасұлан Хайрушев, Нұрлыбек Бисембаев, Рафаэль Денгизбаев, Ерболат Ахметов, Талап Құзырғалиев және т.б аудан әкімінің алғысхатымен марапаттап, игі тілегін жолдады.

FB_IMG_1629346690138

Сонымен қатар шілде айында өткен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы облыстық спартакиадада бірнеше спорт түрінен сынға түсіп, республикалық спартакиадаға жолдама ұтып алған Қуаныш Жұмашев та аудан әкімінің алғысхатына ие болды. Мүмкіндігі шектеулі болса да спортқа деген ынтызарлығы ерекше Қуаныш жерлесіміз 100, 200 метрге жүгіруден І, ІІ орындарды, ұзындыққа секіруден І орын, тоғызқұмалақтан ІІ орынға қол жеткізген еді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың алғыс хатымен Қуанғали Жаңғуатұлы, Сағын Дінсейітов, Мерей Бисембаевтар марапатталды.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің арнайы тағайындалған төсбелгісі де өз иелеріне тағылды. «Спорт ардагері» медалі Дүйсен Тналиев, Жақсылық Байбеков, Мейрамбек Омарғалиев, Найлягүл Нарболоваларға бұйырса, «Спорттағы жетістіктері үшін» медалі Ақжүніс Нұрланова, Альбина Оразгелдиева, Жұлдыз Тілекқызы, Қуанғали Жанғуатұлы, Баймырза Меңдешев, «Спортқа қосқан үлесі үшін» медалі Мұхтар Жоламанов, Мерей Бисембаевтарға берілді.

 

Мейрамгүл Мұхамедиярова,

Бөкей ордасы аудандық мәдени-

демалыс орталығының әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале