11.08.2021, 16:16
Оқылды: 120

Спортсүйер қауым үшін ашық есік күндері өтуде

Спорт күні қарсаңында Бөрлі ауданында орналасқан спорт нысандарында ашық есік күндері өткізілуде. Аудан тұрғындарын қабылдау «Қарашығанақ» және  «Ақсай» спорт кешендерінде, Бөрлі ауылындағы Бөрлі спорт кешенінде ұйымдастырылды. Іс-шарада аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Ақсай» мәдени-бұқаралық ұлттық ат спорт кешені және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мамандары келушілердің сауалдарына жауап берді.

233856881_5896206363785237_8032296704421715674_n

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ольга Басимованың және "Жас дарын" қоғамдық қорының директоры Татьяна Ищенконың қолдауымен балалар мен жасөспірімдер ашық есік күнінің алғашқы қонақтары болды.

230892805_5896206070451933_6445924704928718977_n

Балалар алдымен «Ақсай» спорт кешенінде орналасқан жүзу бассейні мен фитнес-жаттығу залымен танысты. Кешеннің директоры Исатай Қарабаев жұмыс барысы туралы баяндады. Одан соң  «Қарашығанақ» спорт кешенінде болған бүлдіршіндерді спорт мектебінің директоры Есенаман Стамғазиев қарсы алып, ауданның спорт саласына арналған музей кабинетімен, спорт залдарымен таныстырды. Сондай-ақ балалар баскетбол, волейбол, дзюдо, каратэ, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен өтіп жатқан оқу - жаттығу процестеріне куә болып, спорт түрлері бойынша көптеген мәліметтерге қанықты.

233695588_5896207473785126_7199017643485755736_n

Ашық есік күніне келген ата-аналар балаларын спорт үйірмелеріне беру кезінде қабылданатын құжаттар туралы ақпараттандырылып, спорт мектебінің мамандары толық мағлұматтар берді.

Іс-шара 13 тамызға дейін жалғасатын болады.

– Бұл шара аудан тұрғындарын дене шынықтыру және спорт бөлімінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жас балғындардың қызығып жүрген спорты туралы ақпарат алады. Өткен оқу жылында Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық спорт мекеп-интернатында 10 оқушымыз білім алды. Биыл ұлттық ойын асық ату және қол добы үйірмелері ашылуда, – деді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале