10.03.2024, 10:00
Оқылды: 7

Спорттан алдына қара салмаған ауыл

Қамысты ауылындағы мәдениет үйінің жанынан ашылған грэпплинг, қол күресі, жекпе-жек спорт үйірмелерінің жетістіктеріне аудан жұртшылығы куә. Осы спорт түрлерінен соңғы жылдары алдына қара салмаған ауылға Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов жұмыс сапарымен барып, үйірмелердің жұмысымен танысты. 2021 жылы өзінің сүйген жұмысын тегін істеген жаттықтырушы Радик Досановтың қазір отызға жуық шәкірті бар. Бүгінгі таңда он спортшы облыс чемпионы атанып үлгерді.

FB_IMG_1709906615443

- Облыстан халықаралық байқауларға дейін жыл сайын жүлдегер атанамыз. Осыған дейін бес бала Қазақстан, Волгоград чемпионы болды және төрт спортшымыз Азия жүлдегері, бір шәкіртім республикалық турнирдің чемпионы атанды. Осындай жетістігіміз өте көп. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Биыл жекпе-жектен үш спортшы республикаға шығады,- деді білікті жаттықтырушы.

FB_IMG_1709906630398

Қол күресінен қырыққа жуық жас спорт шеберлігіне үміткер, екі спортшы спорт шебері, бір спортшы халықаралық деңгейдегі спорт шебері. 2012 жылы ашылған қол күресі үйірмесінің жаттықтырушысы - Марал Төлешев. Аталған спорт түрінен ҚР-ның Ұлттық спорт төрешісінің де мақсаты - айқын. Тіпті бір шәкірті әлемді бағындырып, Малайзияда өткен додада үздік төрттіктен көрінді. Аудан басшысы Тимур Серікұлы сәттілік тілеп, қолдауға дайын екендігін жеткізді.

FB_IMG_1709906619624

Әрмен қарай Жақсыбай, Тау, Қамысты, Жәнібек ауданы әкімдігі арасында жолдастық кездесу өтті.  Нәтижесінде жүлделі 3-орынды аудан әкімдігі, 2-орынды Қамысты ауылы, 1-орынды Жақсыбай ауылы иеленді. Сондай-ақ жолдастық кездесуге қатысқан ауылдар бильярд ойынынан да жекелей сынға түсіп, спорт ордасын қыздыра түсті.

FB_IMG_1709906634328

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале