29.02.2024, 15:45
Оқылды: 19

Спорттық бағдарлаудан жүлдегер атанды

Бәйтерек ауданында шаңғымен спорттық бағдарлаудан кіші жасөспірімдер және ардагер спортшылар арасында облыстық ашық турнир өтті. Ашық турнирге Қаратөбе ауданынан Қаратөбе балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының командасы қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

спорт (2)

Өңірімізде спорттық бағдарлауды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында өткен жарысқа Ақтөбе облысынан, Орал қаласынан, БҚО аудандарынан командалар қатысты.

Шаңғымен спорттық бағдарлау жарысына қатысушы жасөспірімдер «Спринт қашықтығы», «Орта қашықтық» сайыстары бойынша өзара бақ сынасты.

спорт (4)

Жарыс қорытындысында «Спринт қашақтығында» түрлі жаста Нұртілек Төлеуғали, Елхан Сәкен І орын алса, Мұратбек Аманжол ІІ орын, Рысханым Карим мен Зерда Амандық ІІІ орынға ие болды.

спорт (3)

Ал «Орта қашықтығы» Нұртілек Төлеуғали І орынға, Мұратбек Аманжол ІІ орынға, Рысханым Карим ІІІ орынға тұрақтады.

Қаратөбелік өрендер жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Аудан атынан жарысқа қатысушы команда жетекшілері Қаратөбе балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогтары - Асылбек Айболатов, Еркебұлан Габдуллин.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале