31.08.2021, 12:15
Оқылды: 96

«Street Workout» спорт алаңы ашылды

28 тамыз күні Конституция күніне орай, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Казталов ауданы, Талдықұдық ауылының орталығында «Street workout» спорт алаңы ашылды.

240794046_1170620080014545_8787615111515825584_n

Заманауи үлгіде жабдықталған спорт алаңын ауылға тарту ретінде С.Есетов орта мектебінің 2001 жылы бітірген түлектері 700 000 теңге қаражатқа салып берді. Салтанатты шарада сөз алған ауыл әкімі Ақжол Қазиуллин түлектерге ризашылығын білдірді.

- Бәріңізді ашылып отырған жаңа заманауи жаттығу спорт алаңымен құттықтаймын. Сіздердің күштеріңізбен, демеушілігіңізбен жасалған тартуларыңыз елдің, ауылдың дамуына қосқан үлкен үлес деп білеміз, - деді ол.

240808327_1170619933347893_8949884612818166437_n

Осы іске бастамашы болған 20 жылдық мектеп түлектеріне ауыл тұрғындарының алғысын айта отырып, аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Бұл спорт алаңы 10-нан астам түрлі снарядтан құралған. Игі бастама көтеріп, қаржылай демеушілік көрсеткен 20 жылдық түлектерге ауыл тұрғындары дән риза. Перзенттік парызды өтеу – осындай-ақ болар. Ең бастысы түлектер ауылдарына әдемі тартуларын ұсынып, ел мерейін еселеп, жұртшылық көңіліне ерекше серпіліс сыйлады.

 

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале