21.01.2023, 11:23
Оқылды: 50

Студенттермен кездесу кеші

Әрбір жас мектеп қабырғасынан түлеп ұшқаннан соң жоғары оқу орнына түсуді армандайды. Өмірге бір кірпіш боп қалануды игерген студенттер  кейінгі ізбасарларына үлгі болуға тырысады. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “SAMGAU” коворкинг орталығында жоғары оқу орнында оқитын ауыл жастарының қысқы демалыс уақытында студенттермен кездесу кеші оздырылды.

IMG-20230121-WA0019

Іс-шараға жастар ресурстық орталығының басшысы Дәурен Мерешов, студенттер, ұстаздар және оқушылар қатысты. Кешті жастар ресурстық орталығының басшысы Дәурен Ғұбайдоллаұлы ашып, студент жастар мен жас түлектерге өзінің ізгі тілегін білдірді. Аталмыш орталықтың психолог маманы Индира Әмірғалиева қатысушыларды бір-бірімен таныстыру мақсатында тренинг өткізді.

IMG-20230121-WA0020

Кездесуде оқушылар студенттерден өздері қалаған мамандық, оқу үрдісі, жоғары оқу орындары туралы сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына толыққанды жауап алды. Алдағы уақытта мектепті аяқтағалы отырған жас түлектерге олар да өз тараптарынан жоғары білім алу үшін тынбай іздену, жан жақты болу керектігін айтып, кеңестерімен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар арасында түрлі ойындар ойнатылып, сондай-ақ ауданның белсенді жастары жастар ресурстық орталығы басшысының атынан марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Шара соңы студент жастардың ақ тілектерімен аяқталды.

Ару Айдын

Жаңақала аудапны

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале