7.04.2024, 15:53
Оқылды: 38

Су тасқынымен күрес: азаматтарға ыстық тамақ жеткізілді

Су тасқыны жан-жақтан қыспаққа алған кезде ауданымыздың нәзік жандылары да қарап қалған жоқ. Әркім өз мүмкіндігінше қарғын сумен күреске атсалысты. Переметный, Белес, Шалғай, Мичурин, Махамбет, Дариян, Январецев және өзге де ауылдардың арулары үйлерінен ыстық тамақ, сусын алып келіп, жұмыс істеп жүрген азаматтарға ұсынды. Сөйтіп айтып келмейтін апат бәйтеректіктердің де береке-бірлігін арттыра түскені анық.

IMG-20240407-WA0038

Солардын бірі - Переметный ауылының тұрғыны, көп балалы ана Сәуле Оразбекова. Ол аудан орталығы маңындағы ауылдардағы алдын алу іс-шаралары, Деркөл өзенінің жағасын нықтау секілді жұмыстар жүргізген азаматтарды екі-үш күн қатарынан ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

"Елімізге топан су келіп, ел-жұртты әбігерге салып жатқанда кішкентай болсада да жәрдемім тисін деген мақсатта осындай іс қылдық. Бұл - менің міндетім. Осындай әрекетімді көрген балаларым да алдағы уақытта ортақ істен сырт қалмауға үйренеді деп ойлаймын. Әйтпесе біз көбіне мұндай игі әрекеттерді айтамыз да қоямыз. Ал іспен көрсету – бұл бөлек. Жалпы қазақ халқы ықылым заманнан бері бауырмал әрі ынтымақшыл. Осынау қасиеттер қазір көрініс беріп жатқанына қуаныштымын", - дейді көп балалы ана.

WhatsApp Image 2024-04-07 at 16.49.29

Ал Наталья Гольчанская, Фирдаус апай, Назира Садықбаева сынды мичуриндік нәзік жандылардың істері де көпке үлгі. Олар да жергілікті әйелдерді біріктіріп, ыстық тамақ дайындап, еңбек етіп жүргендерді ауқаттандырып, көптің алғысын алды.

"Біз қашан да елмен біргеміз", - дейді олар. - Күшіміз бірлікте. Өзара ынтымақтастығымыздың арқасында біз кез-келген төтенше жағдайға төтеп береріміз белгілі".

Бәйтерек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале