30.03.2018, 15:53
Оқылды: 41

Су тасқынына қарсы жұмыстар атқарылуда

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Жәнібек ауылдық округінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен іс-қимыл жұмыстары қолға алынды.

-Осыған орай күні-түні кезекшілік ұйымдастырылып, бұл жұмыстарға үш «УАЗ», үш «Шевролет Нива»  автокөлігі тартылды. Елу адамнан құрылған жедел топ мүшелері құм толтырылған сексен қапшықты су басу қаупі бар үйлердің айналасына төседі. Төрт су сорғы және төрт мотопомпаның көмегімен Өтемісов, Иманов, Шарафетдинов, Ниетқалиев, Чурин, Мәжитов, Халиуллин көшелерінің ылди жеріне жиналған суды айдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар жалғызбасты қариялардың аулаларындағы суды жыру жұмыстары да атқарылуда,- дейді аталмыш ауылдық округтің әкімі Мұстахим Қабдысалиев.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы                

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале