4.04.2024, 12:00
Оқылды: 27

Су тасқынына тосқауыл жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Облысымызда өзендердегі су деңгейі көтерілуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.

су жанакала жанажол (1)

Ауданымызда да су басу қаупі бар ауылдық округтердің сақтық шаралары күшейтіліп, мәслихат депутаттары, мәслихат аппараты, «Amanat» партиясының Жаңақала аудандық филиалы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық аурухана, кітапхана және облыстық «Шопан ата» қауымдастығы, аудандық мешіт жамағаты, «Жолаушы жол» ЖШС қызметкерлері Жаңажол ауылына барып, қауіптің алдын алу үшін көмек көрсетті.

су жанакала жанажол (3)

Ауыр техникамен ауылдың қорғаныш бөгеттері биіктетіліп, белсенділер 400-ден астам қапшыққа құм толтырды. Сонымен қатар табиғи апаттың алдын алу бағытында құран бағыштап, құрбан шалынды.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале