12.03.2023, 13:39
Оқылды: 47

Су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда

Баршаға мәлім, қазіргі уақытта көктемгі қар еру мен су жиналу кезеңі жалғасып жатыр. Көктемгі су тасқыны кезеңінде Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар жүргізуде.

372575B5-59C1-4A16-A121-14AC5DBD9E39

Еріген қар суы өзен көлдерді толтырып, әбігерге салуда. Ал төтеншеліктер қызыл су кіндіктен келмес үшін күні-түні қарекет жасауда.
– Былтыр Шалғын ауылында өзен тасып, 25 үйді су басып, төтенше жағдай жарияланған болатын. Биыл былтырғы жағдай қайталанбас үшін су тасқының алдын алу мақсатында Шалғын елді мекеніндегі Шиелі өзені бақылауға алынды. Өзеннің су деңгейі көтерілуіне байланысты алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағынан 5 жеке құрам, 1 көлік, 2 моторлы қайық, 1 мұз кесу, 1 дана моторлы мұз бұрғылау және 1 су айдағыш құрал жұмылдырылды.

DA3299DB-C7A2-40C3-B911-9761C4E46040
Қазіргі таңда, Қаратөбе ауылының іргесінен ағып өтетін Қалдығайты өзенінде су қозғалысы жүруде. Өзенге судың мол қоры келіп, арнасынан асып, аудан орталығынан Қаракөл, Саралжын, Аққозы ауылдық округтеріне қатынайтын көпірді тасқын су бұзып өту қаупі бар. Аудан орталығында да еріген қар суы тағы бірнеше көшеге қауіп төндіріп, қауіпсіз аймаққа су ағызу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жұмысқа 6 мотосорғы, 4 инженерлік техника, 25 адам жұмылдырылды,- дейді Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мэлс Исқақов.

Р.Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале