6.09.2024, 20:00
Оқылды: 102

«Субсидияны 80% көтеруді ұсындық» – Бибігүл Мұқасқызы

Бүгін Ұзынкөл ауылдық мәдениет үйінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешевтың төрағалығымен жиын өтті.

3C6FCEAD-F99E-4B55-9491-96889CE55D3A

Жиналысқа Батыс Қазақстан облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандары филиалының директоры Бибігүл Жұмағалиева, Жәнібек ауданының шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында аудан бойынша қыс мезгіліне мал азығын дайындау, мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар жайлы болды.

– Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға, қазақстандықтарды отандық өндірістің негізгі азық-түлігімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ агробизнес өнімдерінің экспортын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіптік кешеннің мәні елді азық-түлікпен және басқа да тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету саналады. Аграрлық сектор аудан экономикасы үшін маңызы зор және аудан халқының жартысынан астамының негізгі табыс көзі саналады. Аудан бойынша мал азығын дайындау жұмысы жалғасуда, кейбір ауылдық округтерде шабындықтардың шығымдылығы нашар болғандықтан шөп шабу жұмыстары тоқтатылды. Сонымен қатар аудан бойынша «Резерват» жерлерден 12 шаруа қожалық 6 630 гектар шабындықтан 1 193 тонна өнім жинады, «Бос жерлер» аумағынан 14 ауыл шаруашылық құрылымы 2 230 гектар жерден 401 тонна мал азығын жинап алды. Мал азығын дайындау бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, Ақжайық, Тасқала аудандарынан шөп тасымалдау жұмыстарына келіссөз жүргізіліп, тізімдері жасақталды. Жем азығын дайындау жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Жем кіргізу бағытында жеке кәсіпкер Арман Ысқақов Ресей Федерациясымен келісімшарт жасау бағытында жұмыстануда. Ауылшаруашылық құрылымдарына жергілікті бюджет қаражат есебінен мал азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға төленетін субсидиялар көлемі бекілтілді. Шаруа қожалықтар subsidy.plem.kz порталына тіркеліп, өтініштерін бере алады. Негізгі талабы ірі қара, ұсақ малдар, жылқы аналық бастары ветеринария саласындағы АЖБ (ИСЖ) порталында тіркелуі шарт, - деді Нұрболат Зұлпықарұлы.

4A1C4255-02B3-48E3-A759-C638F67F6609

Өз кезегінде Бибігүл Мұқасқызы: «Кәсіпкерлік палата арқылы мемлекеттен бөлінетін субсидия қатарына қоршаулар мен ауылшаруашылық техникасын қосуды жоспарлаудамыз. Субсидияға бөлінетін қаржыны 80 пайызға дейін көтеруді ұсынып, осы бағытта жұмыстанудамыз», - деді.

Кездесу сұрақ-жауапқа ұласып, жиынға жиналғандар көкейдегі сауалдарын қойды.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале