9.06.2021, 11:32
Оқылды: 70

Суға түскенде сақ болыңыздар!

Сырым ауданында соңғы жылдары суға шомылу кезінде балалардың қаза болу фактілері тіркелді. Алдағы уақытта осындай қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін халыққа ескертеміз.

167F0AF9-41B7-4D7E-96F1-701FDCC5A189

Жайдарлы жаздың аптап ыстығында салқындаймын деген оймен өзен, көл аңғарына түсіп, суда жүзгенде төмендегі суға шомылу қауіпсіздік ережелері назарларыңызда болсын.

Құтқарушылардың қайғылы тәжірибесі жиі жағдайда дені сау, тіпті жақсы жүзе алатын адамдардың мас кезінде суға кететінін көрсетеді.

Суға түскен кезде тыйым салынады:

-Қоршау белгілерінің арғы жағына жүзіп кетпеңіз;

-Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;

-Суға түсіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

-Суға түскенде камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз;

-Суға түсіп жүріп тентектік жасамаңыз;

-Суда жалған дабыл бермеңіз;

-Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға жақын жүзіп бармаңыз;

-Көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан қайық пен катерлерден суға секірмеңіз;

-Бейтаныс жерлерде суға сүңгімеңіз.

Егер қайықта болсаңыз:

-Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз;

-Жүзуге құтқару және су төгу құралдарынсыз шықпаңыз;

-Мас күйіңізде қайыққа мінбеңіз;

-Жүзіп келе жатып бір орыннан екінші орынға, бір қайықтан екінші қайыққа ауысып отырмаңыз;

-Қайықтан суға сүңгімеңіз;

-Қараңғы түскен кезде жүзу құралдарын пайдаланбаңыз;

-14 жасқа дейінгі балаларға ересектерсіз жүзу құралдарын пайдалануға болмайды.

Ыстық құмда күйіп жатып, дереу суық суға түспеңіз. Температураның күрт өзгеруі қан тамырларының жылдам қысқаруын туғызып, бұл естен танып қалуға әкеліп соғуы мүмкін. Күнге қыздырыныңыз, бірақ күйіп кетпеу жағын ойлаңыз.

Егер суға бату орын алған болса, Есіңізде болсын! Зардап шегушіге өмірін тек тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей қайтаруға болады.

Тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығарыңыз. Осының барлығына 15 секундтан аспайтын уақыт жұмсауыңыз қажет.

Бұл үшін:

-Зардап шегушінің басын бір жағына қырындатып, құм мен балдырдан тазалайсыз, сосын зардап шегушінің тыныс алатын-алмайтынын, тамыры соғатын-соқпайтынын анықтайсыз. Егер тамыры соқпаса «ауызба-ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдыруға кірісесіз. Жасанды тыныс алдырумен бір мезгілде жүрекке сыртынан массаж жасайсыз.

Бұл маңызды нәрсе!

Аяқ-қол тартылған кезде не істеген жөн:

-саусақтарыңыз тартылса, қолыңызды күшпен жұдырық етіп жұмып, бір жаққа бірдеңе лақтырғандай қимыл жасап, сосын жұдырығыңызды ашыңыз;

-егер балтырыңыздың бұлшық еті тартылса, бүгіліп барып, тартылып қалған аяғыңыздың табанынан мықтап ұстап, өзіңізге қарай тартыңыз;

-мықынның бұлшық еттері тартылса, аяғыңызды сырт жағынан қызыласық тұсынан ұстап, тізеңізді бүгіп, артқа, арқаңызға қарай тартыңыз;

-аяқ-қолыңыздың тартылуы басылмаса осы әдістерді қайталаңыз.

Иірімге түсіп кеткенде не істеу керек?

Өкпеңізге көбірек ауа толтырып алып, суға сүңгіп кетіңіз де, ағысқа қарай қатты ұмтылыс жасап, су бетіне жүзіп шығыңыз.

    Сырым аудандық ТЖБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале