16.12.2021, 22:04
Оқылды: 287

Сүйінші! Тәуелсіздік күні таудай ұл дүниеге келді

Бүгін (16 желтоқсан) Жалпақтал ауруханасының перзентханасында таудай ұл дүниеге келіп, Тәуелсіздік мейрамында ауылымызды қуанышқа бөледі.

FB_IMG_1639659236000

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы күні дүниеге келген бат­ыр ұлымыздың салмағы 3,125 келі, бойы 51 сантиметр.
Ақпәтерлік өнерпаз ұстаз Ержан Құмарғалиевтің жанұясын толы­қтырып отырған ұлымыз екі қыздан кейін көрінген отбасындағы үшінші перзент екен.
Батыр ұлдың анасы Сейітқалиева Дания Арманқызы Ақпәтер ауыл­ының медбикесі болып жұмыс жасайды.
- Қазақстан Республ­икасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы күні қасиетті ұлық мерекеде дүниеге ке­лген ұлымыз бен жас ана атанған Дания қы­зымыздың денсаулықта­ры жақсы. Сәби 16 же­лтоқсан күні таңда дүниеге келді. Сәті солай болған шығар, мен бүгінгі күні дүни­еге келген шақалақ сәбидің әкесі, тәуелс­іздіктің құрдасы Ерж­ан Құмарғалиев балам­ның да кіндігін өзім кескен едім. Енді міне, сол Ержанның сә­биінің де кіндігін өзім кесіп отырмын,-д­ейді аурухана акушер­і, ел анасы атанған Сәния Қайырғалиқызы Дүйсенбаева.

FB_IMG_1639659232280
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы күні Жалпақтал ауруханас­ынан Қазақ елінің са­нын бір азаматқа арт­тырған сәбиіміздің ба­уы берік болсын! Бол­ашақта ата-анасымен бірге аман болып, ел тұтқасын ұстар тұлғ­алы азамат атануына тілектеспіз.
Қуаныш құтты болсын, қазақ елі!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале