24.01.2020, 11:24
Оқылды: 767

Сулыкөлде күрес залы ашылды

Қаратөбе ауданының Сулыкөл ауылдық округінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қалдығайты мектебінің 1998 жылғы түлектерінің демеушілігімен күрес залының ашылу салтанаты өтті.

qaratobe sport (3)

Күрес залының ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бітімәлі Құрманәлиев, күрес залының ашылуына демеушілік танытқан азаматтар атынан Жасұлан Әсетов қазақ күресін жанына серік еткен жастарды құттықтап, болашақта үлкен жетістікке жетулеріне тілек білдірді.

qaratobe sport (4)

Қазақ күресінің жаттығу залының лентасын Жеңісқали Қуанышкереев пен Нұржан Боранқұлов қиды.

qaratobe sport (5)

Аталған күрес залын спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған. Ауыл жастары мен күреске бейімі бар балалар үшін жағдай жасаған атымтай жомарт азаматтарға ауылдастары дән риза.

qaratobe sport (6)

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале