22.07.2022, 18:39
Оқылды: 38

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеген жөн

Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Кәрменовтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл» жөнінде жиын өтті.

WhatsApp Image 2022-07-22 at 13.35.04 (2)

Жиынға дербес бөлім басшылары және ауылдық округтерден арнайы жауапты мамандар бейнеконференңия жүйесі арқылы қатысты.

Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытының нұсқаулығы  және «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субьектілері қызметіне ішкі талдау жүргізу мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин:

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  ҚР Заңының 9 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру –жемқорлыққа қарсы әрекеттің нақты бір шарасы болып есептеледі. Осы орайда бізге беріліп отырған тапсырма – аудан тұрғындарына ай сайын жемқорлыққа қарсы заңнамалар туралы түсіндіру шараларын өткізу болып табылады. Басты талап – азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолға алынған шаралар туралы ақпараттандыру,- деді.

Күн  тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор, заңгері Венера Ғұбайдуллина мемлекеттік органдарда құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін үнемі ішкі талдау жүргізудің қажеттілігіне тоқталды.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале