14.04.2022, 16:03
Оқылды: 69

«Сырлы саусақтан» тамған өнер

Ақжайық ауданы Мерген модельді ауылдық кітапханасы жанынан «Сырлы саусақ»  қолөнер шеберлер үйірмесінің ашылғанына 7 жыл болып қалды. Түрлі мамандық иелері, мүмкіндігі шектеулі оқырмандар қатысатын  үйірменің жұмысы  қолөнерге баулумен қатар, кітапханадағы осы салаға қатысты әдебиеттерді пайдаланумен ерекшеленеді.

87DBD872-BDE5-46A7-9695-FBFDFBC05355

Сонымен қатар үйірме мүшелерінің қолынан шыққан бұйымдар қайырымдылық акциялары аясындаға көрмелерде оң бағаланып келеді. Оқырмандардың білімін терендетуде,шығармашылық қабілетін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде аталмыш үйірменің маңызы ерек. Үйірме мүшелері  сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырымен терең таныса отырып, шеберлігін шыңдайды.

Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің астары адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейтіні аян. Сол мәдени құндылығы зор мұраларды «Сырлы саусақ» үйірмесі арқылы зерттеп, танып, бағалай білу – біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да, азаматтық, ұлттық парызы. Үйірмедегі  қолөнер шеберлері  өздерінің жұмыстарына жаңа түр, жаңа үйлесім тауып, олардың идеялық мазмұндарын одан әрі байыта түсуде. Мұнын өзі де шеберлердің басым көпшілігінің ізденімпаз, шығармашыл екенін көрсетеді.

Үйірме мүшелері қазақы ою-өрнектердің сыры мен мән-мағынасын ұғынып, ою-өрнек, бастырма түрлері, ою жиегін кестелеу әдістерін үйренді. Сонымен бірге әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру,су моншақ тоқып үйрену, моншақпен бұйымдар кестелеуді меңгеріп, сырға, алқа жасау бойынша әдістердің түр-түрі таныстырылды.  Шеберлікке талпынған жандарөздері үйреніп қана қоймай, бастауыш сынып оқырмандарына қолдан жасалынатын түрлі сыйлықтардың жасалу жолдарын түсіндіріп, дәрістер өткізді.

Олардың жетістіктері де айтарлықтай. Мысалы, үйірме мүшесі  Назерке  Науметтің көз майын тауысып жасаған бұйымдарыоблыстық және аудандықсайыстарда қазылар алқасының жоғары бағасын иеленіп, талай мәрте алғыс хатпен марапатталды. Ауылымызда өткен қайырымдылық шараларда  қолөнер  туындылары аукционға шығарылып, қолжетімді бағамен сатылды.

Халқымыз жас ұрпақты ерте бастан еңбекке, қолөнерге баулыған. Сол үрдістен ажырамай, әр адамның бойындағы талғамды, шығармашылықты дамытып, шеберлік шыңына жетелеген үйірменің жұмысына сәттілік тілейміз.

Ләззат Ермұханова,

кітапхана меңгерушісі

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале