11.10.2023, 0:06
Оқылды: 1029

Сырым аудандық білім беру бөлімінде – жаңа басшы

"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" басшысы А.Мыңбаеваның 2023 жылғы 9 қазандағы бұйрығымен Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы лауазымына Досжан Ересұлы Тайшиев тағайындалды.

IMG_0163

​Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандық білім беру бөлімі ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Аудан басшысы ​ Досжан Ересұлының осы салада алғашқы еңбек жолын бастағанын, әрі қарай мемлекеттік қызметкер ретінде атқарған қызметін бағалап, бөлімді басқаруға білімі мен тәжірибесі жететініне сенім білдірді.​

IMG_0167

Жаңа басшы өзіне артылған сенімді ақтап, ұжыммен қоян-қолтық жұмыстанып ауданның білім беру саласының өркендеуіне барын салатынын жеткізді.​

IMG_0165

​Досжан Тайшиев 1992 жылы 20 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылында дүниеге келген.​

​Білімі жоғары. 2013 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша бітірген.​

Еңбек жолын 2013 жылы жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақша кешенінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.​

2014-2015 жылдары Сырым аудандық "Сырым жастары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы, ресурстық орталықтың тілшісі, 2015-2018 жылдары Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы, 2018 жылы Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы,​

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы қызметінде болды.

Отбасылы, 3 баласы бар.

Айжан Амангелдина, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале