25.10.2019, 15:48
Оқылды: 352

Сырым аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды

Бүгін Сырым аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды. Кеңсенің ашылуына Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Әлібек Ахметов қатысты.

oznor

-Кеңсе кезекшісі сот мекемесіне келушілерге барлық ыңғайлы жағдайды жасайды. Бұл жерде арыздар мен өтініш хаттарды қарау және беру тәртібі, істерді қарау және материалдардың қаралуы мен қаралу барысы, сот отырыстарының уақыты, кіріс поштасы, өз-өзіне қызмет көрсету аймақтары туралы ақпараттық орталық жұмыс жасайды.

dav

Жаңа кеңсе соттардың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету үшін керек. Аудандық сотта медиаторлар мен адвокаттар үшін де жеке кабинеттер жабдықталған, - дейді жаңа кеңсе туралы Сырым аудандық сотының төрағасы Ботагөз Баймұханова.

dav

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Әлібек Ахметов осы күні Сырым ауданындағы мемлекеттік қызметкерлермен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Судья сот жүйесінде дау-дамайды шешудің баламалы жолдары қарастырылатынын, ел ішіндегі сондай тетіктердің бірі – билер кеңесінің жұмысын сапалы ұйымдастыру керектігін айтты.

sdr

 2019 жылы Сырым аудандық сотына 136 талап арыз, 6 азаматтық іс түскен. 9 айдың ішінде сот кабинеті арқылы 247 әкімшілік іс түсіп, 2 іс соттылығы бойынша жолданып, 245 іс қаралды. Өткен жылдың көрсеткештерімен салыстырсақ, биыл қылмыстық іс 26 пайызға, ал әкімшілік іс 22 пайызға артқан. 5 азаматтық, 3 қылмыстық және 40 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында татуластыру рәсімі арқылы қаралған.

oznor

Кездесуге мал ұрлығына қатыстың істің сотында жәбірленуші тараптың өкілдері болған Қаратөбе ауданының азаматтары арнайы келіп, сотта әділ шешім шығарғаны үшін аудандық соттың төрағасы, судья Ботагөз Баймұханова ханымға алғыс айтты.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале