Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылдық округіндегі №316 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік Гимнмен ашылып, ауыл әкімін сайлау науқаны басталды.

Комиссия төрағасы Айымгүл Ибрашеваның мәліметінше, аталған учаскеде 701 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытта дауыс беру процесі заңнама талаптарына сай, барлық қажетті жағдайлар жасалған ортада өтіп жатыр. Саяси шараның ашықтығын «Жария» қоғамдық бірлестігінің байқаушысы Асылбек Сержан мен БАҚ өкілдері қадағалауда.

Алғабас ауылдық округі әкімінің лауазымына Перизат Илашева, Тұрарбек Нұрғалиев және Нұрымбек Оразов үміткер болып тіркелген. Ауыл тұрғындары кешкі сағат 20:00-ге дейін өздері таңдаған кандидатқа дауыс беріп, елді мекеннің алдағы даму бағытын айқындай алады.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы