8.11.2023, 15:00
Оқылды: 67

Сырым ауданы: полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Сырым ауданында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың төрағалығымен актив жиналысы өтті.

IMG_4407

Жиында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншин сөз кезегін алып, көпшілік алдында Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығын таныстырды.

IMG_4409
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығымен Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына Тимур Айтуғанов тағайындалды.

IMG_4410

Тимур Тауфикұлы өзіне сенім білдірген басшылыққа алғысын білдіріп, алдағы уақытта аудандағы тұралап қалған өзекті мәселелерді әріптестерімен бірге жұмыстанып, жолға қою мақсатында жұмыстанатынын жеткізді.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале