19.09.2019, 16:12
Оқылды: 44

Сырым ауданы шегірткемен күресте көш басында

Сырым ауданында 2019 жылғы үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық улау жұмыстарының қорытындысы туралы шұғыл әрекет штабы отырысы өтті.

syrym (1)

Жиынға аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің төрағалығымен БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов, аталмыш инспекцияның өсімдік қорғау жөніндегі инспекция бөлімінің басшысы Ерлан Құрмашев, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ БҚО филиалының басшысы Алтай Алдабергенов қатысты.

syrym (4)

Баяндамашылар үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық улау жұмыстарының қорытындысы мен «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы зерттеу жұмыстары, 2020 жылға жоспарланған жұмыс жоспары және италиялық прус шегірткесіне арналған мониторингтік жұмыс барысы жөнінде түсінік берді.

syrym (5)

Лавр Рашидұлының айтуынша, Сырым ауданы шегірткемен күресте аудандар арасында көш бастап тұр. Шегірткемен күресте Жосалы, Бұлдырты ауылдық округтері бойынша қомақты үлес қосып, азаматтық белсенділігі үшін Қобланды Ғабдешов, Болат Бахтияров, Нұрболат Оңғарбеков марапатталды.

syrym (3)

         Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале