24.05.2024, 19:00
Оқылды: 2

Сырым ауданында ақын Махмет Қажиахметовпен кездесу кеші өтті

Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінде «Далам – анам, мен содан жаралыппын» атты Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, Сырым ауданының құрметті азаматы Махмет Қажиахметовпен кездесу кеші өтті.

IMG_8052

Іс-шараны 4-сынып жетекшісі Тамара Омарова ұйымдастырды. Кездесуге Махмет Мүтиұлы жары Ботагөз Хайрушқызымен, ұрпақтарымен қатысты. Мектеп директоры Меруерт Жұмағали сөз сөйлеп, қонақтарға қош келдіңіздер айтты. Шараны жүрізуші сыныптың ата-аналары ақынды ортаға шақырды.

IMG_8101

Оқушылар мың бұрала билеп, ән шырқады.

Ардагер журналист Махмет Мүтиұлының әріптестері Мүсірбек Айташев, Бауыржан Ширмединұлының ақын туралы пікірлері бейнесюжет арқылы көрсетілді. Шараға қатысқан Мүсірбек Айташев Махмет Қажиахметов туралы лебізін білдірді.

Оқушылар ақынға сұрақтар қойды. Сұрақтарға жауап берген Махмет Мүтиұлы алашқы ұстазы Тапсила Хисметқызы екенін, ең ұнатпайтын пәні математика болғанын, спорттан шаңғы мен дойбыға жақсы болғанын, жолын қуған немересі Замир барын, домбыра аспабында ойнайтынын айтты.

IMG_8037

Оқушылар одан кейін ақынның өлеңдерін оқып, әдеби монтаж қойды. Ата-аналар да өлең оқыды. 4 «а» сыныбының жетекшісі Тамара Жетпісбайқызы Махмет Мүтиұлына алғысын білдіріп, Ұлықбек Есдәулеттің «Әбілхаят» атты кітабын сыйға тартты.

4 «а» сыныбының ата-аналары хормен «Атамекен» әнін орындады. Шара соңында оқушылармен ата-аналар Махмет Қазиахметовпен естелік суретке түсті.

Бауыржан Ширмеденұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале