27.10.2022, 20:34
Оқылды: 36

Сырым ауданында әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев сала мамандарын құттықтады.

IMG-20221027-WA0041

– Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері әрқашан сұранысқа ие. Өйткені, сіздер мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлер мен әлеуеті әлсіз, көпбалалы отбасы мен ерекше күтімді қажет ететін жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде көмектесуге дайынсыздар. Қазан айында ауданда көптеген қайырымдылық шаралары өтті. Ол шаралардың әрқайсысында қолтаңбаларыңыз жатыр. Аудан халқы сіздердің еңбектеріңіз арқасында әлеуметтік, материалдық көмекті де уақытылы алып жатыр.  Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!- деді Артур Мұратұлы.

Әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлік жасқа жеткен Бұлан ауылдық округі бойынша әлеуметтік қызметкер Бәтима Ажғалиеваға құрмет көрсетіп, ақ жаулық пен қамзол жапты.

IMG-20221027-WA0042

Мерекеге орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ БҚО бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Сырым аудандық бөлімінің бас маманы  Мейрамгүл Мақсотова, аудандық жұмыспен қамту орталығының ассистенті Дархан Мағрашов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Бұлан ауылдық округі бойынша статисі Әлижан Зағыпаров алғысхаттарға ие болды.

 

IMG-20221027-WA0044

Қайырымдылық айлығы аясында өткен шараларға үлесін қосқан мекемелер –  аудандық орталық аурухана, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, білім беру бөлімі, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, демалыс орталығы,  балалар саз мектебі ұжымына алғысхат табысталды.

Аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев қайырымдылық айлығына орай кәсіпкерлер Н.Мұханова, Г.Тажаякова, Т.Утешов, Н.Оспанов,  А.Ихсанова,  Ғ.Нұрмұханов, Т.Серікқалиева, Қ.Жаужиев, А.Шайхиева, А.Жаужиева, Р.Нигметовтер дайындаған 10000 теңгелік азық-түлік сертификаттарын 16 аз қамтылған отбасына табыс етті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ БҚО бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Сырым аудандық бөлімінің басшысы Жанаргүл Бекболсынова, зейнеткерлік жасына жеткен Бұлан ауылдық округі бойынша әлеуметтік қызметкер Бәтима Ажғалиева әріптестерін құттықтап, сөз сөйледі.

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале