18.06.2026, 17:00
Оқылды: 10

Сырым ауданында «Алтын белгі» мен Үздік аттестат табысталды

Оқу жылының қорытындысы бойынша ерекше білім жетістіктеріне қол жеткізген түлектерді марапаттауға арналған «Алтын белгі» және Үздік аттестат иегерлерін ұлықтау салтанаты өтті.

Алтын белгі

Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов түлектерді құттықтап, олардың табандылығы мен білімге деген құштарлығын жоғары бағалап, жастарға болашақта ел дамуына үлес қосатын білікті маман болуға тілектестігін білдірді.

Аудан бойынша 11-сыныпты 233 оқушы тәмамдаса, оның ішінде 11 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, 12 оқушы Үздік аттестатқа ие болды.

Аудан әкімі «Алтын белгі» төсбелгілерін, Үздік аттестаттарды табыстау және озат түлектердің ата-аналарына алғыс хат табыс етті.

Салтанатты жиында ардагер ұстаздар атынан Қымбат Өтегенова сөз сөйлеп, шәкірттердің жетістігі ұстаз еңбегінің нәтижесі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ата-аналар атынан Әліби Тоқмырзаұлы алғыс білдіріп, түлектерге үлкен үміт артылатыны жеткізілді.

«Алтын белгі» иегері Бекжан Құрманғали мектеп пен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, білім ордасының абыройын әрдайым биік ұстайтындықтарына сендірді. Мектепке және ұстаздарға адалдық пен құрметтің белгісі ретінде ант берді.

Шарада ауданның дарынды жастарына арналған «Жас Дарын» гимнін Бақытжан Жанұзақов орындап, жиынға ерекше рух сыйлады.

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале