Бір ауыл - бір өнім жобасы
10 Тамыз 2022

Бір ауыл - бір өнім жобасы

10 Тамыз 2022

"Абайды оқы, таңырқа!"

Абай ұлықталған күн
10 Тамыз 2022

Абай ұлықталған күн

Алматы облысындағы дауыл кезінде қаза тапқан ұландықты наградаға ұсынады
10 Тамыз 2022

Алматы облысындағы дауыл кезінде қаза тапқан ұландықты наградаға ұсынады

Бүгінгі жастар –  еліміздің болашағы
10 Тамыз 2022

Бүгінгі жастар –  еліміздің болашағы

Ерікті болу – жүректің ісі
10 Тамыз 2022

Ерікті болу – жүректің ісі

22.05.2021, 11:12
Оқылды: 51
Сырым ауданында «Амангелді, ақтаңгер, ән дүлдүлі» атты облыстық онлайн байқау өтті

Дәстүрлі әнші, термеші Бүкілодақтық телевизиялық байқаулардың лауреаты Амангелді Ғұбайдулиннің 70 жылдығына арналған оқушылар мен жасөспірімдер арасында «Амангелді, ақтаңгер, ән дүлдүлі» атты облыстық онлайн байқау өтті.

FB_IMG_1621636146761

Аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов қатысушыларға сәттілік​ тіледі. Байқауға А.Ғұбайдуллиннің шәкірті, Батыс Қазақстан облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның әншісі, «Алтын домбыра» сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» Қайрат Какимов, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі», Марабай Құлжабай атындағы аймақтық, республикалық термешілер байқауының лауреаты, «Ғарифолла Құрманғалиев», «Еңбек даңқы», «Мәдениет майталманы», «Қадыр Мырза Әлі» атындағы төс белгілелерінің иегері Мұмабет Мамықов, Амангелді Ғұбайдуллин атындағы облыстық дәстүрлі әншілер байқауының бас жүлде иегері, облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты, Д. Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің терме сыныбының оқытушысы Бейбіт Қажығалиев қазылық етті.

FB_IMG_1621636131429

Онлайн түрде өткеніне қарамастан, тартысты өткен байқауда ІІІ орынға оралдық Ә. Дагаров, теректілік А.Темірғали лайық деп танылса, ІІ орынды жалпақталдық Ә. Едресов пен оралдық Н.Құспанова иемденді.

Жерлесіміз Д.Исламғалиға І орын бұйырса, оралдық Ә.Айтбай бас жүлдеге ие болды.

Байқау барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді.

FB_IMG_1621636139104

FB_IMG_1621636144196

FB_IMG_1621636150361

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале