31.05.2022, 11:44
Оқылды: 81

Сырым ауданында Арман Баяндықовты еске алды

Сырым ауданының Жымпиты ауылдық округінде әкім болған, ұлтжанды азамат Арман Баяндықовқа арналған баскетболдан турнир өтті.

IMG_4420 1

Турнирге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов спортшыларға сәттілік тілесе, бірқатар халық қалаулылары, бапкері, достары жақсы естеліктерімен бөлісті.

Анасы Аягөз Айтжанқызы "Арман елдің баласы болатын" деп еске алып, ұлының әріптес-достарына алғысын білдірді.

Әуесқой баскетболшылар арасынан ІІІ орын Сарой командасына, ІІ орын Бәйтерек ауданына, І орын жерлестеріміз "Райцентр" командасына бұйырды.

Одан бөлек, Р.Дельмұхамедов "Үздік шабуылшы", Ч.Шайхиев "Үздік ойыншы", М.Мырзаш "Үздік техникасы үшін", М.Сұлтанғалиев "Үздік техникалық ойыншы", Е.Айтқожақов "Үздік қорғаушы", ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері "Жеңіске деген жігері үшін" аталымдарымен марапатталды.

Жарысқа қатысқан 7 командаға да ақшалай сыйлықтар, жүлдегерлерге медаль, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Арман Толқынұлының достарының демеушілігімен әріптес ағаларына, сыйлас достарына арнайы тапсырыспен жасалған естелік сыйлықтар да берілгенін айта кету керек.

Айжан Бауыржанқызы

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале