3.03.2024, 10:00
Оқылды: 10

Сырым ауданында асық атудан аудан біріншілігі өтті

«Қайсар» спорт клубы мен Сырым  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше күтімді қажет ететін  балалардың аналарымен спорттық шара және Наурыз мейрамына орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында асық ату мен дартстан аудан біріншілігі ұйымдастырылды.

Изображение WhatsApp 2024-03-02 в 15.29.21_8599889a

Жарыстың ашылу салтанатында «Аmanat» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Изображение WhatsApp 2024-03-02 в 15.29.22_899f9a84

«Қайсар» спорт клубының мүгедектігі бар жандардың спорт нұсқаушысы Ерген Боранқұлов ойынды өткізді.

Изображение WhatsApp 2024-03-02 в 15.29.21_9561508c

Дәлдік пен қырағылықты талап  ететін жарыс нәтижесінде дартстан Аманбай Хамидуллин 1-орын, Ерсінбек Қатепов 2-орын, Сырымбек Досжанов 3-орындарды бөліссе, Бақытжан Ғинаятов «Жеңіске деген жігерлігі үшін» марапатталды.

Изображение WhatsApp 2024-03-02 в 15.29.22_20194aea

Мергендік пен ептілік сынға салынған асық атудан 18 жастан жоғары қатысушылар арасында  Ернар Алдамжаров жеңімпаз атанды. Нұрберген Ғалымжан 2-орын, Ерболат Шналиев 3-орын иегері атанды. Ернар Қылымбетов «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымына ие болды. 18 жасқа дейінгі асықшылар бәсінде  Ернар Еркінғали 1-орын, Ержігіт Еркін 2-орынға қол жеткізді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале