15.10.2020, 19:45
Оқылды: 52

Сырым ауданында кітапханашыларға құрмет көрсетілді

15 қазан – Кітапханашылар күні мерекесі күні Сырым ауданына қарасты Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұханов ауылдық округ кітапханашысы Махамбет Меңешев пен Сырым жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешенінің кітапханашысы Әлия Сарсалиеваны қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

IMG-20201015-WA0031

Сонымен бірге Сырым орта мектеп-балабақша кешенінің "Жасұлан" ұйымының оқушылар ұйымының президенті Айкөркем Әмірханова да кітапханашыларды оқырман оқушылар атынан құттықтап, ашық хаттар табыс етті.
Кітапханашылар күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, оқырмандардың да мерекесі.

Айман Қуанғалиқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале