30.04.2026, 16:45
Оқылды: 8

Сырым ауданында комьюнити орталығы ашылды 

Сырым ауданында мәдени - ағарту жұмысы өркен жайып келеді. Бүгін Өлеңті ауылында “Өнеге” комьюнити орталығының ашылу салтанаты өтті. 
PHOTO-2026-04-30-11-30-17 (1)
Ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов сөз сөйлеп, жаңа бастаманың маңызына тоқталды.
Оның айтуынша, ауыл ішінде осындай орталықтың ашылуы балалардың аудан орталығына қатынап сабылуын азайтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бастама жастардың жаңа орта қалыптастыруына мүмкіндік беріп, ата-аналардың алаңсыз болуына жағдай жасайды.
PHOTO-2026-04-30-11-30-18 (2)
Айжан Талғатова жетекшілік ететін “Өнеге” орталығында жастар домбыра, вокал, көркем сөз және би үйірмелері арқылы өз қабілеттерін дамыта алады.
PHOTO-2026-04-30-11-30-17
Ашылу салтанатында Өлеңті ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тауфих Елубаев пен ауыл тұрғыны Гүлнар Жонысова құттықтау сөз сөйлеп, ақ батасын берді.
Қоңдыкер Жеңісұлы,
Сырым ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале