13.06.2024, 23:19
Оқылды: 80

Сырым ауданында медицина мамандары марапатталды

Бүгін Сырым аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

IMG-20240613-WA0068

Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов денсаулық сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады.

- Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден ерекше қастерлеп құрметтеген. Бұл күн — құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдаған ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Тәуекелге бел буып, тәулік бойы көз ілмей, тынымсыз тірлік кешетін сіздердің еңбектеріңізді нағыз жанкештілік деуге болады, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

IMG-20240613-WA0070

Жұмагелді Жолдыбайұлы мерекеге орай ҚР Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен Бұлдырты ауылдық дәрігерлік амбулаториясының акушер маманы Айкөркем Әлімбаеваны, Жетікөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Дәметкен Қонысбаеваны марапаттады. Облыс әкімінің алғыс хатына аудандық аурухананың фтизиатр дәрігері Әлия Ткатова ие болды.

IMG-20240613-WA0071

Сондай-ақ бірқатар медицина қызметкерлері аудан әкімінің, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Дүйсеновтың, облыстық филиалы төрағасы М.Құсайыновтың алғыс хатын иеленді.

IMG-20240613-WA0069

Аудандық аурухана директоры Сабыр Меңдешев әріптестерін құттықтап, алғыс хат табыс етті. Медицина мамандары «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Дарғожиевтің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Ләззат Мұқанованың алғысхатымен марапатталды.

IMG-20240613-WA0067

Марапаттар арасында аудан көркемөнерпаздары ән шырқап, би билеп, медицина қызметкерлеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале