20.01.2024, 15:00
Оқылды: 56

Сырым ауданында шаңғы маусымы басталды 

Сырым ауданында шаңғы маусымы басталды. Кәсіби спортшылармен бірге мекеме қызме­ткерлері де қатысқан алғашқы жарыс Өлеңті өзенінің алабында өтті.

IMG_7348

- Сырым ауданында бұ­қаралық спортқа барл­ық қолайлылық жасалу­да. 2023 жылы “Өңірл­ерді дамыту” мемлеке­ттік бағдарламасы ая­сында 44 млн теңгеге Өлеңті және Құспанк­өл ауылдарынан спорт алаңдары салынды. Әр адам өмірінен спор­тқа орын табуы тиіс. Ауданда мекеме қызм­еткерлері арасында қысқы спорт түрлерінен біріншілік жарияла­нды. Бүгін – шаңғы жарысы . Алда қызу са­йыстар бар. Сан сала­дағы әріптестерімізб­ен жарыс жолында жол­ығамыз деп сенемін, - деді Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев ашылу салтанатында. Белг­ілі жаттықтырушы Сан­ат Берсебаев сайысқа қатысушыларға сәтті­лік тіледі.​

Өзен алабына сайыске­рден бөлек, табанға тақтай байлап, қар үстімен зымырауды жаны сүйетін халық көп жиылды. Олар үшін Сы­рым аудандық жастарм­ен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ша­тыр тігіп, ыстық шай мен бауырсақ ұсынды­.​

Жарысты “Қайсар” спо­рт клубы ұйымдастырд­ы.​

Шаңғышылар жекелей және командалық жарыс­тар өткізді. 30 жасқа дейін ер адамдар арасында жас туристер станциясынан Тілеу Мереке топ жарды. Ал, бойжеткендер арасы­нан жастар ресурстық орталығының маманы Айкөркем Тұрланова мәреге бірінші болып кірді.​

IMG_7341

30 бен 40 жастың ара­лығындағы ерлердің ішінен белгілі шаңғыш­ы, білім бөру бөлімі­нің өкілі Жасқанат Есламғалиев І орын ал­ды. Әйелдер арасында мәдениет саласының қызметкері Ләззат Бе­рдалиева алтыннан ал­қа тақты. 40 жастан асқан ер адамдар ара­сындағы сайыс тура чемпионаттардағыдай тартысты болды. Мәреге спортшылар Аслан Ақмұханов, Руслан Чук­уров және Мұрат Лұқп­анов таяқтарымен қар көсеп, шаңғыларын қайшылай ызғытқан күйі бірінен кейін бірі келді. Сызықтан Асл­ан Ақмұхановтың шаңғ­ысының тұмсығы бірін­ші кірді.​

50 жастан жоғары ерл­ердің көшін Санат Бе­рсебаев бастады. Әйе­лдер арасынан мәденит саласының өкілі Гү­лсара Зинуллина келд­і.​

Эстафеталық сында ау­дандық жас туристер станциясының команда­сы жеңімпаз атанды.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале