17.05.2021, 17:08
Оқылды: 67

Сырым ауданында шегірткеге қарсы күрес басталды

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтың төрағалығымен аудан аумағында ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар жөніндегі штаб отырысы өтті.

1EF936B0-5129-44EE-A5A9-00BF9C989BAE

Отырыста аудандық аумақтық инспекцияның басшысы А.Өтепов, М.Тоқтаров жоспарға сай іс-шараларды ұйымдастыру, 2021 жылға жоспарланған жұмыс жоспары жөнінде хабарлама жасады. 

- Ағымдағы жылы Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының аудандық филиалының зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша республикалық бюджет есебінен үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілетін жұмыс көлемі 16 мың гектарға жуық жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі,-дейді аудан әкімі.

Биылғы жылы химиялық улау жұмыстары әрбір округтің далалық жайылымдық жерлерінің әртүрлі болуына байланысты қарқынды жүргізілмек. Штаб отырысына облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Лавр Хайретдинов пен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале