20.04.2021, 16:39
Оқылды: 62

Сырым ауданында "World Skills-2021" чемпионаты өтті

Сырым колледжінде "World Skills-2021" чемпионатының аудандық кезеңі өтті.

FB_IMG_1618899099166

Чемпионат «Графикалық дизайн», «Дизель қозғалтқышын жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Ауыл шаруашылығы машинасы және тракторды  жөндеу слесарі» мамандықтары бойынша барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Аталмыш шараның мақсаты – студент жастардың мамандыққа деген махаббатын оятып, белсенді ұстанымдарды жетілдіру.

FB_IMG_1618899110043

"Графикалық дизайн" аталымы бойынша І орынға Н.Усманова, ІІ орынға Б.Амангелді, ІІІ орынға Т.Сембаева лайық деп танылса, «Дизель қозғалтқышын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» аталымында І орынды М.Дизин, ІІ орынды С.Нығметжан, ІІІ орынды А.Кульпердисов иеленді.

FB_IMG_1618899117706

Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың бірі "Ауыл шаруашылығы машинасы және тракторды жөндеу слесарі" аталымында І орын Р.Мамбетқазиевке, ІІ орын Б.Аманжоловқа, ІІІ орын А.Кульпердисовке бұйырды.
Аудандық іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаздар облыстық чемпионатқа жолдама алды.

 

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале