13.03.2021, 11:36
Оқылды: 91

Сырым ауданында жолдар қардан тазартылуда

Көктемнің алғашқы айы басталса да, аяз бен қардың басылатын түрі жоқ. Соңғы бірер күнде қар да қоймастан жауғаны белгілі.

20210313_113447

"Жолдар тазаланбай жатыр" деген жылдағы жауыр болған әңгіменің рас өтірігіне көз жеткізбекке "Сырым" мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметкерлерімен жұмыс барысын арнайы көріп қайттық.

Аталмыш мекеменің бас инженері Тұрарбек Нұрғалиевтың айтуынша, бүгінде аудан бойынша 296 км жол тазаланған.

FB_IMG_1615571930886

- Жолдарды жаз мезгілінде тазалық жұмыстарын, қыста қардан тазалап отырамыз. Оған арнайы 1 дана автогрейдер, 1 дана МТЗ-1221, 1 дана МТЗ-92, 2 қар күреу техникамыз бар. Одан бөлек, келісімшарт бойынша тағы да 2 дана қар күрегіш техникамен қамданып отырмыз. Өткен аптада қардың көп мөлшерде жауғандығынан үлгермеген кездеріміз болғанын жасырмаймыз.​ Қар құрсауында қалған Жосалыда 1 апта бойы автогрейдер тазалық жұмыстарын жүргізіп, қауқарсыз күйге түскендіктен аудан орталығынан алмастыру үшін тағы бір техниканы жібердік. Бірақ, қазір барлық жолдар ашылды. Қар жауғаннан кейін алдымен халыққа жүргін жолына мүмкіндік тудырып, кейіннен техникалармен тағы да жолдарды кеңейтеміз, - дейді Т.Нұрғалиев.

Иә, расымен, қазіргі таңда барлық дерлік жолдар ашылды. Көлік қатынастарында да қиындықтар жоқ.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале